Свежая информация реклама в лифтах воронеж на нашем сайте. . Самая свежая информация sephora brush to go у нас на сайте.


 Артық салмақтар

Адам денесіндегі артық майларды жақсы меңгеріп денсаулығын сақтауы үшін дене құрылысының әрбір сантиметр кубына коректенуі үшін 11 километр капиляр қажет етеді. Сондықтан артық салмағыңыз тыныс алу жүйесін күрделендіріп, жүрек қызыметін ауырлатады . Қан қысымымен айналымы өте қауіпті деңгейге көтерілгені соншалықты көптеген адамдарды қан қысымы ауруына шалдықтырады . Медицина мен сақтандыру мекемелердің мәліметі бойынша артық салмақты, өте семіз адамдар денсаулығы таза болғанның өзінде де көпте ұзақ өмір сүре алмайды . Дәрігерлік бақылау қызыметінің анықтағанындай « қазақстандықтар» арасында көптеген адамдар тіпті жасөспірімдерді қосып есептегенде 25 процентінің салмақтары өздерінен артық болып кейбір жағдайда «семіздер» қатарына жатады . Дәрігерлер артық салмақты адамды ауру адамдар қатарына есептеген немесе бұндай «семіз» адамдар қашанда ауруға өте бейім болып келеді . Өте толық (семіз) адам күнделікті тіршілікте өзін-өзі жақсы сезінбейді. Біріншіден: әрқашанда өте ауыр жүк көтеріп жүреді , екіншіден: ауырда қолмен атқаратын жұмыстарға қабілеті төмен, дене қимылына деген икемділігі нашар, тыныс алуының күрделенуіне байланысты жиі демалуға бикем болып келеді .Үшіншіден: ыстық күндері ұзақ жұмысқа төзбей, жиі шөлдеп шаршағандықтан тіпті көп мөлшерде денесі суды талап етеді . Суды көп ішуіне байланысты адам денесі толығуына (ісінуіне) әкеліп соқтырады . Қазіргі өркениетті дәуірімізде техника меңгерген заманымызда машиналар тіршілігімізде жоғары орын алуда.Жеңіл машиналар күнбе-күн жаяу жүріп тұрымызға мүмкіншілік бермеуде, 200-500 метр аралыққа машинамен барамыз . Балалар 6-8 сағатын мектепте отырумен өткізеді, қызыметтеде сондай тіпті ұзақ мерзімде жұмсақ креслода өткізіп жүрген қаншама адамды көруге болады . Сондай-ақ кинотеатрда, концерттерде, спортық ойын өткізу алаңдарында (стадиондарда) , жиналыс кездесулерде қаншама адамдар алтын уақытын отырумен, талғамай тамақ жеумен өткізіп жатады . Бұндай отырыстар қашанда адамдарды толығуына (семіруіне) әкеліп тірейді . Өте қатты семіруді адам мүшелері жақтырмайды. Қазіргі заман отырыстың өркендеген кезеңі . Денеміздегі артық салмақтан арылуға ең бастысы денеміздегі майлардан, сулардан тазалануымыз керек . Бұндай майлардан, сулардан арылу үшін ашығу ережесін ұстанғаныңыз пайдалы . Семіздіктен арықтау аралығында құнарлы майлы тамақтарды шектей отырып пайдалы қозғалыс арқасында көп жетістікке жете аласыз . Өте семіз (толық) адамдарға қысқа мерзімдік ашығу жақсы нәтиже бере алады, дене мүшелері қызыметін бір қалыпты сақтай алады . Бір тәулік ашығып, келесі тәулік құнарлы да майлы тамақты қолданбай асқазанға пайдалы витаминге бай жеңіл тағаммен тамақтаныңыз . Бір екі ай дене мүшеңізді ашығуға үйреткесін ашығу кезеңін бірте бірте ұлғайтыңыз, 4-6 ай көлемінде ашығу ережесін қатаң ұстансаңыз семіздіктен арыласыз . Денеңіздегі майдан, судан, семіздіктен арылғасын дене қимылдарыңыз ширап жұмысқа деген қабілетіңіз артады, жеңіл тыныс аласыз, ұзақ мерзімдік қозғалыстан қажымайсыз, денеңіздегі күш-қуатыңыз молайып қажыр қайратыңыз артады, өмірге деген көзқарасыңыз күннен күнге жақсара түседі .
 
Қашанда есіңізде болсын : «Артық салмақ-артық жүгіңіз», «Тамақ неғұрлым көп болса-ауруда со ғұрлым көп болады» . Көптеген салмағы ауыр, семіз адамдар бірінші 7-10 тәулік ашығу кезінде ақ 5-6 кг. дейін салмағын азайтып іш майынан арылады. Осындай артық салмағынан, майдан арылған адамдар көңіл күйін жақсы сезініп, күш-қуаты бойына жиналып, жұмысқа деген қабілеті артады . Адам денесіндегі майды әртүрлі жаттығулармен, дәрігерлік көмектермен де әртүрлі мерзімде азайтуға немесе мүлдем тазалауға болады . Кейбір адамдар осындай ашығу кезінде 500 граммнан килограмға дейін, ал кейбіреулері 3-5 кг.-ға дейін денесіндегі майлардан, артық салмағынан арыла алады . Майдан тазарған дене артық жүктен арылғандай, жүрек қызметі, қан қысымы, тыныс алу мүшелерінің жұмыстары жақсарып қызыметтері жеңілдейді, күш-қуатыңыз денеңізде молайа түседі . Денедегі майдан арылуға 24 немесе 36 сағаттық ашығу
 
жеткілікті . Осындай қысқа мерзімдік ашығуды күн тәртібіне алып әдетке айналдырыңыз . Яғни, бір күн тамақ жеп бір күн ашығыңыз, бастапқыда таза суға шек болмағаны дұрыс,
 
бірте бірте 1-2 айдан кейін суды да азайтқаныңыз дұрыс . Бір мезгіл суды да азайтсаңыз ашығу кезінде денеңізді артық майлардан, судан артық заттардан тазалай аласыз . Жылына Рамазан айында 30 күнге Ораза ұстаныңыз. Бұның бәрі, нұр үстіне – нұр болар !..
 
 
« Артық салмақ - ауыр жүгіңіз »