Айнаға қара, алдамайды

Айнаға қарап, бет-әлпетіңізге дене құрылысына – бітіміңізге көңіл бөліңізші. Өзіңізге ұнай ма? Күнде таңертең жуынып-шайынған кезде бет-әлпетімізді айнаға қарап дұрыстап жатамыз. Айнаға қарағанда дұрыстап мән беріңіз: - судың әсерінен бет әлпетіңіздің ісінгенін,майлы тамақтардың әсерінен денеңіздің біршама толыққанына көз жеткізесіз. – көзіңіздің қызарғанын немесе көз жанарыңыздың сөніп бара жатқанын байқайсыз. - көздің асты ісінсе адам бүйрегінің қызметінің нашарлағанын байқауға болады. - адам қырынан қараса мойыны іркілдеп,қарыны өсіп бара жатқанын байқайды. - тілін шығарып қаранса ақшылданып тұздың денеде көп болғанын байқатады. - дене мүшелерде (омыртқа, аяқ қолдың) өзгерістерін байқайсыз. - адам шашы үлкейгенде ағарады десек,осы күндері 25-30 жаста-ақ шашымыз ағарып жатады, көбіне экологияға кінә артып жатамыз.Түбінде адам мүшелеріне қажетті витаминдер жетіспеуі. Біріншіден,пайда болған ауруды дәрігер көмегімен дұрыс анықтаңыз. Екіншіден, осы аурулардың себебіне мән беріңіз. Барлық аурудың бастауы тамақ екеніне көз жеткізгесін,пайдасыз тағамдардан көп мөлшерде тамақтанбауға шектеу қоя білуіңізге тура келеді. Бет-әлпетіңіздің қыртысы, шашыңыздың сейіліп ағарғаны, қозғалысыңыздың баяулап, дене құрылысыңыздың әлсіреуі, бұлшық еттеріңіздің әлсіреп-салбырауы, омыртқаның бүгіліп,буындарымыздың сырқырауы адамдарға ой салғандай, науқасыңыз көбейіп жиі ауыра бересіз. Денсаулығы нашар адамдардың мойын еттерінің қыртысы көбейіп, көз жанары әлсірегендей, бет-әлпетіңіз бозарып көңіл-күйіңіз, күш-жігеріңіз төмен болады. Осындай құбылыстарға, денсаулығыңыз басқа адамнан-гөрі өзіңе ғана аян, тек қана өзіңіз ғана толық жауап бере аласыз. Денеңіздің, аяқ-қолдарыңыздың қозғалысы, жұмысқа деген қабілетіңіз қалай ? Ұйқыңыз қандай, ұйқыдан тұрғанда өзіңізді қалай сезінесіз ? Тамақ жегеннен кейін көңіл-күйіңіз қалай? Еңкейіп тұрғанда денеңіз, сүйектеріңіз ауыра ма ? Жасым ұлғайған сайын, денсаулығым күшті, өзімді жастардан кем көрмеймін, деп айта алар ма едіңіз ? Адам жасы ұлғайса да, қартайса да қажымас қайрат, денсаулығы мықты, ақыл-ойы жетілген бойында өмірге деген құштарлық сезімі бар жастар қатарында болғанын қалайды. Ал, ашығу адам үшін бәрін өзі істейді. Ашығу ережелерін толық сақтасаңыз қартаю кезеңін бір шама шегере аласыз. Ұлы ғалымдар, медицина мамандары көп зертеулер нәтижесінде, ашығуды-мәңгілік жастықтың қақпасы деп бағалаған. Ғалымдар ақ тышқандар мен басқа тышқандарды ашықтыра отырып, денсаулыққа пайдалы тағам-шөптермен жеткілікті түрде ғана коректену арқасында осы тышқандарымыз жасара білді. Бұл асыра мақтауға жататындай құбылыс. Ғалымдар алдарында бір ғана мақсат қойды және оған жете білді. Ашығу – адам организмінде ерекше бір өзгеріс әкеледі, денсаулығыңызды тазалайсыз, тазарта отырып дене мүшелеріңіз дене құрылысы бір шама жасарады. Ашығуды жиі жасап, ұзақ мерзімде денсаулығыңызды күте білсеңіз қартаю кезеңін кейінге шегересіз .Қазіргі адамдардың өмір сүру жасын орта есеппен 60-70 жасқа теңейді, кейбір аурулар ерте басталғанына сәйкес көптеген адамдар өздерін 40-45 жаста-ақ қартайдық деп санайды, бұл дұрыс көзқарас емес. Табиғат берген адам өмірін мейлінше толығымен ұзақ жасауы керек. Менің көзқарасымда адамдар 100-120 жас өмір сүре алады, ал осындай адамдарда кейбір аурулар 80-90 жаста білінсе деймін. Адамзатқа ешкімде жоқ, ақыл-ой, күш-қуат, салауатты тіршілік берген. Денсаулығы мықты қарияларымыз зейнеткер жасынан асып жатсада денсаулығын күтініп, өмір қиыншылығымен күресе отырып еңбектен қол үзген емес. Өтіп кеткен аурудың себептерін ескере отырып дене тазалығын сақтау арқылы қашанда бетін қайыра аласыз, егер адам туа біткен мешел, өкпе ауруы сол сияқты күрделі айықпас ауруларды есептемегенде. Ашығу ережесін жыл бойына денсаулығыңызға тиімді пайдалансаңыз, айнаға қарап бет-әлпетіңізге шыр бітіп, көз жанарыңыз нұрланып, өмірге деген күш-жігеріңіз нығайып, жұмыс қабілетіңіз біршама өзгергенін байқайсыз . Ашығу

ережесін одан әрмен жалғастырып ұзақ ұстансаңыз өзіңнің жан-ұя мүшелері, жақындарың, туыс-туған, құда жекжат, достарың денсаулығыңның жаңалығына көңіл аударары хақ. Осындай зор денсаулыққа, дене тазалығына ақыл-ой-санаңызбен өз денеңізді билеп, салауатты өмір сүргенде ғана жақсы жеміске жете аласыз .
 
 
« Мықты денсаулық бар жерде, ақыл–ойға кенде болмайсыз »