История что такое История.


 А С Қ А З А Н ТУРАЛЫ

Көптеген адамдар асқазанның құлы болып өтеді, олар таңертеңгі-түскі-кешкі ауқатты белгілі уақытта бір мезгілде тоя ішіп жегенді қалайды. Олар өздері аш па? Аш емес пе? Ойланбайды, тіпті жеген тамағаның пайдалы-пайдасыз екендігіне де мән бермейді. Сондықтан, қазіргі уақытта денсаулық тақырыбында көптеген мақалалар жазылып жатыр,барлығына ешқашанда таңқалмаймыз.Ұйықтаған мезгілді есептемегенде, кейбір адамдар асқазанға демалыс бермейді, жиі тамақтанумен, көп жағдайда тоя жегенді жақсы көріп тұрады. Бұндай тамақтану (ауқаттану) ақыр соңында ішкі бір дене мүшеңіздің нашарлануына тіпті ауруға шалдығуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Асқазанды, тамақты ішіп жеу мөлшерін қашанда ақыл-ой-санаңызбен жеңе біліңіз. Құлқынның құлы болмай, асқазанды өзіңізге бағындыра біліңіз. Асқазанға жеткілікті түрде денсаулығың- ызға пайдалы тамақ жеткілікті, асқазанға көп мөлшерде 10-20 кг. тамақта сиып кете алады. Созылған асқазанның қашанда толғанынша тамақ іздеуі әбден мүмкін. Сондықтан, денсаулығыңыз үшін кейінге қалдырмай, уайым-қайғы-қорқудан сейіліп бүгіннен бастап денеңізді ашығу арқылы тазалауды, асқазанды пайдалы аз тамаққа үйретуді күнделікті тішілігіңізге басты мәселе етіңіз. Ашығу ережесін ұстанғанда әркімге айтып мақтанудан аулақ болыңыз, көбіне түсінбеуі мүмкін. Дене тазалығын түсінбеген адам, сізге керісінше мағұлымат беріп мазаңызды алады. Ашығу кезінде өзіңізді қоршаған орта, жан-ұяңыз, жақындарыңыз түсіне отырып кедергі жасамағаны дұрыс. Табиғаттың ғажабына, тазалау, өркендеу, жасару күштеріне сеніңіз – ешқашанда алдамайды.
 
 
« Ілім-білімі мол бола тұра, қараңғы наданның ісін істеуден қорқамын »