Безопасная и полная замены масла в акпп. . instagram likes
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   ӘСЕРЛЕНГЕН ТАҒАМДАР,ТӘТТІЛЕР


 ӘСЕРЛЕНГЕН ТАҒАМДАР,ТӘТТІЛЕР

Тәтті конфеттер, шоколадтар, кофе, сағыз, балмұздақтар, боялған сусындар, тоң майдан дайындалған өнімдердің құрамында қоспалар ( конценртат-холестерин т.б,) ерітінділері болуымен ас қорыту мүшелерімізге пайдасы шамалы. Мысалға: күнде ішіп жүрген кофеде смола құрамы болады, адам мүшелері смоланы қорытып денесіне сіңіре алмайды. Жоғарыда айтылған тәттілер әсіресе кішкентай балалардың әуес тағамы. Бәрімізде балалық шағымызды ата мен әженің алдында өткердік. Көбіне еркелетіп тәттіге тойғызып, үйде де көшеде де конфет, шоколад, тәтті сусындар мен сағыздарды алып беріп жатады, тіпті тамағымыз ауырса да балмұздақ жегенімізге мәз боламыз. Қайтып айналып келмейтін балалық шақта әсіресе кішкентай бөбектерді тәттіден айыру осы күндері мүмкін емес, дүкен сөрелерінде әр түрлі сауда орталықтарында көздің жауын алатын тәттілер жайнап тұрады. Ата-әже, әкесі мен аналары балаларына осындай тәттілердің адам мүшелеріне зиянды жақтарын күнбе-күн түсіндіре отырып, мейлінше құмарлығын азайту керек. Есейе келген балаларға шешесі әкесінен тығып ақша беріп жатады, ақшасы бар бала қашанда тәттіге жүгірері анық.. Бұндай тәттілердің орнына жеміс-жидек, өсімдік шөптердің адам мүшесіне пайдасын түсіндіріп еңбекке үйреткен дұрыс. Қазіргі уақытта жаңадан пайда болған тағамдар түрлері көптеп өмірімізге еніп жатыр. Пайдасыз қоспалар қосып дайындалған картоптар, тағамдар,зефирлер, әр түрлі креммен дайындалған торттар, печеньелер т.б. көптеген қоспасы ( ерітінділер ) бар тағамдар адам мүшесіне зиянды болады. Осындай пайдасыз қоспалар-ерітінділер кездесетін тағамдар адам мүшесінің азып, ауырып өміріміздің қысқаруына ықпал етері анық . Сонымен қатар сүт және сүт өнімдерін жиі әрі көп мөлшерде ішсеңіз де адам мүшесіне зиянды, көптеген сүттер порошок қоспалардан әзірленеді. Күндегі шайнап жүрген сағыздарымызда адам мүшелеріне зиянды, құрамында қоспалар кездеседі, әрі асқазан сөлінің құрамының бұзылуына әсер етеді. Асқазан сөлі ас қорыту қызметіне өте қажет-ақ.. Қандай жануарды да алып қарасаңыз есейген шағында ана сүтімен коректенбейді, тек адамдар ғана жеңіл тамақ ретінде сусын ретінде ішіп жейміз және тамаққа өте көп қолданамыз . Тоң маймен дайындалған тағамды адам мүшелері күрделі қорытуына байланысты құрамындағы белок-майшықтары адам клеткаларында қалып қоюы ықтимал. Бұндай құбылысты мынадай мысалмен дәлелдеген жөн: Адам қызуы 36,6 гр. Цельсиямен есептелінеді, ал шегіміздің қызуы 38 гр. температура, осындай көрсеткіштен адам қызуы ассада немесе төмендеседе адамдар ауырады. Тоң майды адам мүшелері толық қорытып сыртқа шығару үшін адам қызуы 100 немесе 150 Цельсиямен пара пар болуы қажет. Тамақ жегенде тоң майдың құрамы қоюланып дене клеткалары- мызда қалып қояды да ас қорыту құбылысын күрделендіреді. Көптеген тағамдар бірнеше жолдармен химиялық тазалаудан өтеді және әртүрлі концентрат қоспалары мен ерітінділер қосылып әзірленеді, олардың құрамы өзгеріп көбіне тұз-бұрыш кездеседі, тұздың адам мүшесіне зиянды екенін білетін боларсыз. Күнделікті қолданып жүрген құс жұмыртқасында тығыз майлар (холестерин), құнарлы белоктар өте көп мөлшерде кездеседі. Сондықтан адамдар жетісіне 1-2 ғана жұмыртқа жегені дұрыс, көп жесеңіз дене мүшеңізге зиян болуы ықтимал, күндегі жеп жүрген малдың еттерінде көзге көрінетін семіз майлары, көрінбейтін майлар еттің клеткларында тығыз майлар түрінде көптеп кездеседі. Сондықтан етті азайтып өсімдік жемістерден дайындалған тағамды жеп үйреніңіз. Ет құнарлы тамақ, белоктарға өте бай, сондықтан жетісіне үш немесе төрт рет қана жеткілікті түрде ғана тамақтаныңыз. «Арпа бидай ас екен, алтын күміс тас екен»
 
дегендей бәрі тамақ екен деп асқазанды толтыра бермей, дене мүшеңізге қауіпсіз, денсаулығыңызға пайдалы тамақтанғаныңыз әбден дұрыс болар. Тамақ үшін өмір сүрмеңіз, өмір үшін тиімді тамақтаныңыз! Тамақ барша адамға өніп өсуіне ықпал етеді, ал кейбір адамға ауру тапқызары ақиқат. Әсіресе өте тоя тамақтану, адам денсаулығына қауіпті. Өте көп тоя тамақтанудан күндердің күнінде адам мүшелері өзінің атқаратын
 
қызметінің нашарлауына, жұмысының күрделену әсерінен адамның күш-қуаты әлсіреуіне байланысты дене клеткалары қабылдамауы мүмкін. Бүндай жағдайдың аяғы қайғылы болады. Тамақ (ас) қорыту мүшеміздің ауруы өркендеген дәуірде адамның құлазуына әкеліп соқтырып жатады. Күнделікті тағамдар, жиі тамақтанудан адам мүшелері қорыта алмай, сыртқа шығара да алмай үлгермей жатады. Адам мүшелерін техникамен салыстыруға болмайды, күнде тазалай немесе күнде алып тастап айырбастай алмайсыз. Табиғаттың сізге берген адам мүшелерін ұзақ өміріңізде дұрыс пайдалана білгеніңіз жөн, қызметін ешқашанда күрделендірмеңіз. Мынадай бір мысал келтіріп өтейін: түскі ас дайындаңыз, күнделікті өзіңіз сүйіп ішер тағамнан. Дайындалған тағамды жемей,жеке ыдысқа 38 гр. температурада әрі қарай қайнатыңыз (адам шектерінің қызуы 38 гр.темп.) 4-6 сағат көлемінде. Осыдан кейін дайындалған тамаққа көңіл бөліңіз: бірінші, ауырда жағымсыз иіс, содан кейін дайын тамағыңыз ашиды,құрамынан газ бөлінеді. Адам денесіндегі жиналған тамақтар ашуына байланысты жағымсыз заттардың әсерінен адамның басы ауырып, жүрек қысымы көтеріліп, басқа да дене мүшелеріңіз зардап шегіп ақыры ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Бактериология ғылымына сүйенсек, жуан (тоқ) шекте қорытылмаған ашыған тағам тамақтың жиналуынан (денеде қалып қоюуынан) зиянды бактерияның көбейіп, өсіп өнуіне жағдай туады ( шектерде құрттар- палочкалар болуы мүмкін), осының салдарынан дене мүшелеріңіз ауруға шалдығуы мүмкін. Әсіресе, суық тиіп ауырғанда сыртқа шығар жел кейбір аурудың асқынуына көбейіп, өсіп-өнуіне жағдай туғызады. Сондықтан, асқынған жағдайда дәрігер-маман көмегімен тез емделу керек, аурудың қандай түріне болмасын жол бермеңіз. Адам денесіндегі жағымсыз улы заттардың асқынуынан қажетті бір мүше бауырға зақым түсуі мүмкін. Бауырдың адам үшін атқарар қызыметі көп, көп салалы лабораторияға әбден ұқсайды. Бауыр мен шектер (кишечник) ас қорыту мүшелері ішіндегі сыбайластары. Егер шектеріңіз жұмысын үлгере алмаса, бауыр қашанда көмек береді. Бұндай жағдай жиі қайталанса, шектер мен бауыр бұзылып, әлсіреу арқасында күрделі ауруға шалдығуы мүмкін. Денедегі жағымсыз улы артық заттар көп мөлшерде қиын да ауыр жағдайда сыртқа бөлінгенде адам өзіне деген аяушылық, өзін қиын жағдайда сезінеді. Бұндай құбылыс – аз уақытша. Ашығу ережесі дене мүшелерінің тазалау қабілетіне байланысты күн сайын өзгеріп отыруы мүмкін, дәрігер-маманның ақыл кеңесін алып отырыңыз. Үш тәулік ашығумен салыстыра отырып, жеті тәулік ашығу кезінде өзіңізді тың, денеңіздің жақсы тазарғанын сезесіз. Неғұрлым денеңіз тазарса, өміріңізге қажетті күш қуатты бойыңызға жинай аласыз. Егер ашығу ережесін ұстансаңыз, жайдары мінез, қажымас қайрат, тіршілігіңіз үшін байсалды төзімділік қажет.
 
 
«Түнгі тамақты аз іш, кешкі асты одан да аз іш, кешке тамақсыз ұйықтасаңыз одан да жақсы болар еді »