http://www.thai-online.org/ alcazar pattaya 2011 альказар шоу паттайя.


 Өркендеген өлкеде

Ғылым-өндірістің өркендеу дәуірінде, күнделікті қиын да мазасыз тіршілігімізде адам денсаулығына ашығудың маңызы қасиеті тіршілігімізде керек – ақ . Ашығу – адам өміріне тиімді болу үшін ғалымдар, медицина қайреткерлері, жазушылар, ұстаздар, ұлағатты азаматтың қосар үлесі көп. Өйткені адам денсаулығының таза, мықты болуы әрбір адамға, жан-ұяға, қоршаған орта өндіріс орындарына, Отан қорғау саясатында, яғни өзіміздің сүйікті мемлекетімізге керек. Адам денсаулығына мемлекеттік заңдар мен үкімет басшылары әрқашан көңіл бөлуде. Ғылыми салада көптеген жиналыс-кездесулер, медицинада озық тәжірибелер жаңалықтар енгізіліп, газет-журнал радио-теледидар арналарында халыққа таралып адам денсаулығын басты мәселе екенін айтып келеді. Медицинада, ақ халатты абзал жандар-дәрігерлер адам үшін күні-түні тынымсыз еңбек
 
етуде, күрделі ауруларды емдеп жазып, көптеген адамды жұмыс орынына қосуда. Дәрігер еңбегін үкімет жақсы бағалайды, халықтың айтар алғысы көп. Медицина мен халықты неғұрлым жақындату керек, себебі басты мақсат адам денсаулығы. Көптеген елдерде озық тәжірибелер бар, неге біз солардан үйренбейміз ? Жыл мезгілінде төрт мезгіл ( қыс,көктем,жаз,күз ) айлары болып келеді, әрі өмір бойына қайталанып отырады. Адамдар суық күндері – тоңады, жаңбырлы күндері – сыздайды, ыстық күндері – қан қысымы жиілеп бастары ауырады, күзді күндері адамдар өздерін жақсы сезінеді. Күні ыстық Оңтүстікте де, қуаңшылық қыс болмайтын Индия-Экваторда да, Тропикалық ортада да, Тайга- Сібір жерінде де, Батыс пен Солтүстік шарында да, тіпті теңізде де, қарап отырсаңыз адамдар тіршілік етуде. Олар 360 күн біріңғай ыстықтада суықта да, күн мен түннің айырмашылығына мән бермей тәп-тәуір өмір сүруде, яғни адамдар қоршаған ортаға бейімделе алатынын байқаймыз. Неге біз табиғи құбылыс күннің ыстығынан – суығынан қорқамыз ? Қазақ елі ертеден мал шаруашылығымен айналысқан. Таңның атысы күннің батысы мал соңында жүрген адамдар үстінен киім, басынан тақия, сәукелесін ешқашан тастаған емес. Күнде қозғалыста әртүрлі жұмыс атқарған малшы суды өте көп ішпей қашанда ыстық аптапта төзе білген. Қазіргі жастарымыз істейтін жұмысы жоқ, бос уақытын қайда қалай өткізерін білмей, күні-түні ұйқыға бой алдырады, неше түрлі тағамдар мен сусындарға тоя ішіп, сыра-ішімдіктерге бой алғызуына байланысты үстінде жеңіл бір көйлегі бола тұра 25-35 градус ыстыққа шыдамайды. Бірде жолдасымның машинасына мініп Қарақұмдағы үлкендерге сәлем беріп ел аралап қыдырдық . Қарақұмды естіп білетін боларсыз, айналаның бәрі құм суы тапшы, көбіне сай-салада жер астынан қазылған құдықта малын бағып отырған малшы қауымы. Жаз айларында өзендердегі сулар ащы болып келеді, малшы ауылдардың арасы алшақ, телефон мүлдем жоқ. Бір күні жолда мінген машинамыз бұзылып екеуіміз далада қалдық, машинаны жөндеу қажет, жақын ауыл 20-25 км. шамасында. Өткен кеткен көлік жоқ, кеш батқанша 10 сағаттай бар, машинадағы 3 литр су бітуге аз қалды. Жолдасым өте толық болатын, су немесе сусынсыз оған күн жоқ, жолға шыға алмайтынын айтып машина маңында қалатын болды. Мен аздап ашығу ережесін ұстанатынмын, суды да аз мөлшерде ішетінмін (мен өзімді мақтайын деп отырған жоқпын) күннің ыстығы қайтқан кеш мезгілде жолға сусыз жалғыз шықтым, шамамен 3-3,5 сағат жүріп өліп-аршып,қаталап 25 км. жердегі көрші фермер-малшы ауылына жеттім-ау. Сол ауылдан шай-су ішкесін, көмек сұрап, трактормен қайтадан кері жолға шықтық. Түн мезгілінде машинамызға келсек, жолдасым судан қаталаған әрең сөйлейді, шыдамағасын машина радиаторынан суды тұндырып ішкен болыпты. Аздап су ішкізіп жан шақырып дегендей машинамызды сүйрете совхоз орталығына келіп бірақ жеттік. Ал осы ауылдың адамдары 10-20 км аралықты жаяу сусыз тәп-тәуір жүріп өте алады. Менің айтайын дегенім, егер ашығумен ішкі мүшелерін тазалай білген адамдар, қажеті жоқ көп суды күнде ішпей-ақ, осы 20 км қашықтықты еркін өтеріне сенетін еді. Пайдасы жоқ тамақты көп суды ішпеген адам, қашанда шөлге шыдамды болады. Неге суды көп ішеміз ? Өйткені біз мол суға
 
үйренгенбіз, денеміз суды қалап тұрады, көбіне ащы тұзды тағамдарды көп мөлшерде
 
ішіп жейміз. Бұл дұрыс па? Көптеген елдерде ертеден қалыптасқан әдет-ғұрыптарына сәйкес, адам тіршілігіне пайдалы көптеген жаңалықтарды алып қарауға болады. Олар жыл мезгіліне сәйкес мереке-мейрамдарды адам денсаулығына пайдалы түрде өткізіп отырған, пайдалы озық үлгілерді тіршілігіне қолданғанын байқаймыз. Европа елдерінде адам дене құрылысының сұлу болуы үшін көптеген спорт түрлерімен шұғылданады, аэробика-шейпинг үйірмелері жұмыс істейді, өзен-көл биік тауларда спорт түрлерімен айналаса отырып демалып серундеуді әдетке айналдырған (культпоход). Халқы көп саналатын Қытай–Индия қалаларының көшелерінде автокөлікке шектеу салынған, бұл деген көше ауаларына септігін тигізеді, адамдар көбіне метро немесе велосипед көліктерін пайдаланады. Жаяу жүру, велосипед тебу, таза ауамен демалу адамдар үшін өте қажет, Қытай қалаларында таңғы таза ауада халықтары көшеге шығып денелерін шынықтырады (гимнастикамен айналысады), иогамен шұғылданып (дене қозғалысы және тыныс алу жаттығуы) әрбір адам өзіне пайдалы жұмыстарымен айналысады. Біздің де жастар, қарияларымыз осындай пайдалы жаттығулармен айналысқаны дұрыс, жергілікті әкімшілік жағдай жасағаны дұрыс . Әкімшілік қызметкерлері халықпен бірге жаттығу жасағаны, таңертеңгі және кешкі серуендеу жаттығулар жасауға қарапайым халықпен бірге болғаны абзал . Қытайлықтар жаппай таңғы мезгілде көшеде алаңға шығып жан-ұя жақындарымен бірге дене шынықтырып каратэ, у-шу өнеріне көңіл бөледі. Қытайлықтар жеміс-жидек өсімдік тағамдары мен бірге деликаттік тағамдардан дайындалған тамаққа әуес болып келеді. Сұйық май, тұз-бұрыш және сіріңке бар әрбір қытайлықтар аштықтан өлмейтініне қатты сенеді. Олар кез келген уақытта, ортада жеміс-жидек өсімдіктерден, хайуанаттар- мал еттерінен, тіпті шыбын-шіркей,құрт-құмырсқадан да тағам дайындап тіршілік ете білген. Етті көп жемей, оларды құртқа айналдырып деликатес түрінде тамақтанған. Корей, Жапон халықтары қоршаған табиғатқа сәйкес өсімдіктерден дайындалған тағамдарға, салат түрлеріне көп көңіл бөлген, әдет-ғұрпына айналып тіршілігіне енгенін байқаймыз. Европа халықтары тамақты аз мөлшерде ішіп-жеуге дағдыланған, неміс халқы нанды өте аз жейді, өйткені басқа да тағамдарда нан өнімдерінен алынатынына сенген : қамыр, макорон, вермишель, печеньелер, пирожкалар т.б. Өзіміздің қазақ жігіттері етті қандай көп жиі жесек те, нанды нан өнімдерімен одан да көп коректену арқылы ас қорыту жолдарын күрделендіреміз. Жанұя мүшелерімен, балалармен қатар спорт түрлерімен бірге дайындалсаңыз, көп нәрседен ұтасыз. Сізге қарап, дене
 
шынықтырып тәрбиеленген балаңыз мықты денсаулыққа, ашық та жарқын мінездерге бай болып, уайым-қайғы-қорқыныштан арылары айқын. «Ерте тұрған жігіттің бір ісі артық » деп қазағым тегін айтпаған. Өз денсаулығыңызға тиянақты болыңыз, бала тәрбиесіне, өсуіне оданда зор көңіл бөлгеніңіз жөн болар. Қазақ халқы ерте заманнан бері ат өнеріне машықтанған, бала кезінен бастап атқа шапқан желмен жарысқан, тіршілігіне қолданған. Ат өнерінің адам денсаулығына тигізер пайдасы зор екендігіне ғалымдар, медицина саласында жақсы пікірлер бар. Қазақстанда ірі қалаларда ғана ипподромдар жұмыс істеп, ат өнеріне баулуда. Қазақ мекендеген барлық аймақта мал бағылып жылқы түрлерін өсіруде, ауылдық жерде ғана атпен тіршілігін жасауда, кіші гірім қалаларда жастарымыз ат өнерімен айналыспайды десек те болады. Жергілікті әкімшілік ат өнерін жолға қойса , жастарымыз атқа шауып, паралич балаларымыз денелерін жаттықтырар еді. Неге үлкен де кіші қалаларда, тіпті аудан орталықтарында ипподром ашып жастарымызды ат өнеріне үйретпейміз? Осы күнгі балалар атқа қалай мініп-түсуді де білмей өсетін шығар. Кішігірім ипподром ашуға көп шығын кетпейді (бизнесмендердің бастарын қосып кедергі жасамаса болғаны), тек қана халқымыздың ұтары көп. Көптеген халықтар таулы жерлерде альпенизммен, шаңғы тебумен, дельтапланетармен ұшуға, көл теңіздерде шағын қайықтармен саяхат құрып, табиғатта жанұя мүшелеріменде қыдырғанды ұнатады.
 
Қазақстан табиғатқа бай жер, бізде көл-теңіздер бар, Жоңғар Алатауынан бері Ұлытау Орал,Тарбағатай тауларына дейін табиғатқа бай тауларымыз көп. Неге біз осыларды адам денсаулығы үшін пайдалана білмейміз, неге жастарымыз бос уақытында демалыс
 
уақыттарында шоғырланып серуендемейді, қыдырмайды? Зәулім үйлер – пансионаттар –асхана тұрғызып халық игілігіне , жастарымыздың демалатын орынына айналдырмаймыз. Бізде жалқаулық, еріншектік, ұйымдастырушылық аз, менеджмент жетпей жатады. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында комсомол–жастар Одағының атқарған қыруар жұмыстарын жақсы білеміз. Жастар күшімен қалалар тұрғызылды, Түрксиб темір жолы, ұлан-ғайыр шеті жоқ Тайга- Сібір жері игерілді: ағаш,мұнай-газ өнеркәсіптері ашылып қалалар бой көтерді. Басқаны айтпай-ақ, осының бәрі жастар күшімен атқарылған жұмыстары екені сөзсіз. Біз үшін бәрін үкімет жасауы керек деген қате ұғым, үкімет жағынан қолдау ғана жеткілікті. Жергілікті халықтың көзқарасы-ынтасы, жастар күшін біріктіріп мемлекет тұрғысында пайдалы жұмыстар сенбіліктер арқасында жастар демалатын, спорт түрлерімен айналысатын жоғарыда көрсетілгендерді орындауға әбден болады. Қарапайым түрде басталып бірте бірте ұлғайып халық демалатын орындарға, игілікке жұмыс атқару керек.Табиғатты аялай біліңіз,табиғаттағы таза ауа, су және витаминге бай шөптер өсімдіктер адам денсаулығына шипалы. Таудағы, табиғаттағы тіршілік сіздің денсаулығыңызға өзгеріс әкелері сөзсіз .Европа, Россия, Сібірді мекендеген халықтар денсаулығын суық сумен тәрбиелеу арқасында көптеген жақсы жетістікке жетіп отыр. Олар өздерін «Морж»,Белый медведь, « Альбатрос» клубтарында қыстыкүні ойықтарда, теңіз суларында шомылумен денелерін шынықтырады. Осындай суық сумен шыныққан адам, суыққа төзімді, тымау ауруынан, қан айналуының жақсаруына қан қысымының көтерілмеуіне, сүйектермен белдеріміздің сыздап-сырқырамауына, тағы да басқа түрлі аурулардың болмауына септігін тигізеді, адамдар жиі ауырмайды. Ерте кезде ақ адамдар сарқырамаларда, қар суларына шомылып, емдік қасиеті бар табиғи суларда денелерін ысқылап, емделе білген. Кейінгі кезде Қазақстанда балалар денсаулығына көп көңіл бөлініп, Сара Назарбаеваның қолдауымен суық су арқылы бала денсаулығын тәрбиелеуді қолға алуда, көптеген қалаларда суық суға шомылатын топтар құрылып, тіпті жан-ұя мүшелері ойықтарға шомылып көптеген аурулардан айығуда. Көптеген адамдар денсаулығын түзеуді дәрі-дәрмектен, пепсикола-кофе-тәттілерден, арақ-шарап-темекіден іздейді, олар өте қателеседі. Біз жылы үйде, жұмсақ та жайлы бөлмелерде (креслода) жұмыс атқарамыз, жеңіл машина көлігімен күні- түні біргеміз, дүкен сөрелеріндегі пайдасыз дайын асқа әуеспіз. Осыларға әбден үйрену салдарынан толығып семіреміз, еріншек жалқаулыққа жол береміз. Қазіргі заман спорттық теникаларының өркендеген кезеңі. Оян қазақ, бауырым ! Ешкімге бергісіз тіршілігің баянды болсын демекпін. Суық суға үйрену үшін бірте бірте, тіпті жас кезімізден бастап ішкі жан дүниеңізді тәрбиелеу арқылы жеңіске жетіуімізге әбден болады. Күндегі жылы суыңызды бірте бірте салқындата отырып бастан төмен қарай жуынып шайыныңыз. Судың температурасын 3 пен 7 тәулік аралығында 0 градусқа дейін төмендетіңіз. Асықпаңыз! Асыққан шайтанның ісі. Салқын суға жазды күні, қысты күні бірдей денеңізді тәрбиелеңіз, таза қарменен денеңізді ысқылаңыз, бір мезгіл қар үстінде жалаң аяқ тұрып көріңіз. Денсаулығыңыз жақсарады, тамаққа деген аппетитіңіз ашылады, жиі ауруға шалдықпайсыз, жұмыс істеуге деген құлшыныс пайда болады. Денеміздегі желден, артық судан арылуға ыстық шайды іше отырып булы (парлы) моншаға түсіп арылуға болады. Денеміздегі кірді, жағымсыз терді (иісті) кетіру үшін жылы сумен монша-саунада отырамыз,спорттпен айналысқан дені сау адамдарда жағымсз иіс болмайдыда. Монша-сауна адам үшін өте қажет, моншаның маңызын адамдар ерте заманда ақ бағалаған. Моншада жуынып болғаннан кейін салқын сумен шайынып аяқтаған дұрыс. Салқын суға түскен адам өзін сергек сезінеді.
 
Жастайынан салқын, суық сумен шайынып жуынып үйренген адам қыстыкүні ойықтарда,
 
теңіз суына шомылуға тез үйренеді. Қыстыкүні суықтан тоңып,қорықпайды, шілдедегі ыстыққа төзе алады, жұмыста қажымайды, дене тазалығының маңызын жақсы түсінеді, осындай денелер көп ауруларға оңай берілмейді .