Все подробности ставрополь заказать роллы на сайте.


 Өнеркәсіп өркендеуде

Адам өмір сүру үшін, жанұясын бағып қағу үшін жұмыс істеуі керек, ірі өнеркәсіптерде кәсіпорындарда көптеген мекемелерде қызмет атқарып, Отанымызға үлесімізді көптеп қосудамыз. Көптеген кәсіпорындар пайда табу үшін жаңалықтар ашуда, техника-автомат жүйелері тіршілігімізге енуде . Ірі өнеркәсібі мен кәсіпорындар байыған сайын Отанымызда нығайта түсері сөзсіз. «екі солдат эксковаторды айырбастар» дегендей атқарар жұмыстарымыз күннен-күнге ауырлап барады, жұмыскерден сұраныс қатал. Әсіресе, қазіргі базар нарығы жаңадан қалыптасу кезеңінде жұмыстан айырылып қаламын деген жұмыскер бәріне де көнуде. Өндіріс басшылары жұмыскер санын қысқарту әсерінен 8-10 адам атқарар қара жұмысты 5-6 адамнан талап етуде, бара бара 1-2 адамға істетпеуіне кім кепіл. Жұмыскердің ақыл-ойы,қара күші өндіріске берілсе, жұмыскер одан күнделікті айлығынан басқа денсаулығына күтім, демалысына жағдай істеген еңбегі бағаланып отырса қара шаруадан бастап, жанұя мүшелерінің айтар алғысы көп болар еді. «Жаңбырмен жер көгереді, алғыспенен ел көгереді » дегендей мақтау қағаздарымен марапатталып,үкімет тарапынан медаль нарадаға ұсынылып жатады. Ірі өнеркәсіптерде, әсіресе завод – цех ішінде, шахта забойларының ауаларының жаман болуларынан жұмыскер қауымы зардап шегуде, көбіне әкімшіліктер нормаға сәйкес деп жалтарып жатады. Өкпесі ауырып, тыныс алу күрделеніп тіпті туберкулез ауруына жаппай шалдығып жатамыз. Адам тыныс алуына қандай ауа қажет ? Біз далада, табиғатта тыныстаймыз, бөлмеде үйде отырып ауа жұтқанымыз таза ауа бола алмайды . Адамдар түтінді ортада жер асты қуыстарында тіпті ауасы өте төмен жерлерде де тыныс алады, қазіргі адам денесі орташа ауаға әбден үйренген. Адамның дене мүшелері, денеміздегі қан құрамы жақсы болуы үшін тек қана таза ауамен тыныстанғанымыз жөн. Кейбір адамдар дәнекерші, сантехниктер, химия өнеркәсіптерде, түрлі-түсті металлургияда, кәдімгі от жағатын котельнилерде ауасы тар болса да жұмыс атқара береді. Осы жұмыскерлер беттерін марлымен, тыныс алу аппараттармен қамтамасыз етілген жағдайда да , жұмыскерлерімізге таза ауа жетіспей жатады . Респиратор беріле ме , әлде басқадай биологиялық тәсілмен тазалана ма? Бұндай мәселеге қазір ойланбайды, себебі басты мақсат жұмыс, шығынды болдырмау. Көршіміз шет елдерде жұмыскердің жұмыс орынында тыныс алуы қатты қадағаланады. Тазалық сақтау, дәрігер-мамандар, табиғат қорғау ұжымдары қашанда қарапайым жұмыскермен бірге, тіпті гүл өсіретін шаруашылықта жұмыскерлер респиратор киіп жүреді. Бізде арнайы аппаратпен қамтамасыз етілмейді, жұмыстан кейін кейбіреуіміз арақ-сырамен көңіл аулап тазаланған болып әуре болып жатамыз. Міне, осындай ауыр жұмыстан кейін түтінді – газды ортада тұратын адамдарға табиғатта болуы керек, таза ауа жанға рахат . Қазақстанда өндіріс орындарымен тұрғын үйлерді су қоймаларының жанына өзен көлдің маңына қатар салып келеді және теңіз деңгейінен есептегенде қашанда төменде тұрамыз. Төмен жерде ой-шұңқырда жиналған жаман ауа түтін-газдар қашанда баяу тарайды, әсіресе тымырсық күндері жаз айларында. Өндірістен бөлінген сулар өзен-көлге құйылып жатады, оған біз шомыламыз тіпті ішіп те жатамыз. Ірі өнеркәсіптерді, түрлі түсті металлургия заводтарын, автокөлік парктерін жанар жағар май қоймаларын өзен сулардан алыс, тұрғын үйлердің арасы алшақ болуы керек. Өндіріс бойында кейбір цехтарды тіпті рудник кәсіпорындарды реконструкция жасап немесе көшіріп орын ауыстырып жатамыз. Неге тұрғын үй мен өндіріс ошақтарының арасын алшақтатпауға электричка метро салмасқа ? Бұның бәріде адам үшін керек және адамның қолынан келеді. Бұндай қалаларды ірі өндіріс ошақтары Қазақстан көлемінде көптеп саналады. Қарағанды облысындағы Темәртау қаласын алып қараңызшы. Жаңа үлгіде салынған қала халқы шамамен 50-70 мың тұрғын. Осы Теміртау қаласын шетіндегі екі мұржаның түтіні – өндіріс газымен бірге жан жағынан тұншықтырып тұр. Екінші мысал: Егер сіз, Жезқазған қаласына Қызылорда тас жолымен қыдырып келе қалсаңыз, қалаға жетпей Талап поселкесі маңында таза ауамен мейлінше демалғаныңыз жөн, өйткені Жезқазғанға сыртынан қарасаңыз тұла бойы көкпеңбек түтінге (газга) көміліп жатады. Адамдар бұндай ортада қалай ауырмайды, тіпті шаруаның қолындағы 1-2 сиыр малы да оңалмайды. Негізі адам мүшесі зиянды қоспаларға түтін-газдарға ұзақ төтеп бере алады, ақырында ауруға шалдығып өмірі қысқарады. Чернобыль атом электростанциясы апатқа ұшырап, жергілікті халықты басқа алыс мекендерге көшірді, Чернобыль жерін дезинфекция жасап тазартты. Жезқазғанның ауасы (радиациясы) осы Чернобыльмен салыстырғанда кейде зиянды жағынан асып кетіп жатады, Жезқазғаннан көмекке барған адамдар басқалардай емес жергілікті Чернобыль ауасына тез үйренеді көптеген тазалау жұмыстарын бірнеше айлап атқарды. Көріп отырған шығарсыз, Жезқазған адамдары жаман ауа емес тіпті уланған ауаға да төзе білген. Оларды Жезқазған мыс заводы, шахталар асырайды әрі тез қартайтады. Жұмыскер таңертең жұмысқа кірерде адамның денсаулығы емес алдымен оның мас па әлде мас емес пе, соған ғана мән береді. Түтін – газда 8-10 сағат жұмысын атқарғасын жуынып шайынып болғасын ішкі мүшесін түтін-газға толтырып үйіне қайтады. Жұмыстан кейін арнайы дәрігер-маманның көмегімен 5-10 минут ішінде тыныс алу органдарын неге тазаламасқа . Өйткені бастықтарға жұмыскер келді, жұмысын атқарды, план орындалды, осы оларға жетіп жатыр . Жұмыскер денсаулығын қатты қадағалау керек. Бұған тезірек, үкімет тарапынан тосқауыл қою керек. Газат-журналдарда адам денсаулығына мән бермеген өнеркәсіп басшыларын әшекерлеп жазуда, тіпті технадзор, санэпидемистанция лаборатроиялары арқылы әшекерленуде, ал басқа елдерде адам денсаулығын халық соты немесе үкімет тарапынан әшекерлеп жұмыстарын тоқтатып тастайды. Адам денсаулығын қашан бірінші орынға қоямыз ? «Денсаулығым нашар, ауырдым» деген жұмыскерге путевка алып Кавказ тауларына барып емделуге жолдама беріп жатады. Қай жерге қай елге барып емделіп ауруынан айықса, бәрі де адам үшін жақсы болар еді. Басты мәселе осындай аурулардың себептерін анықтап тұрғылықты жерде жұмыс орындарымызда болдырмау керек. Жұмыскер өндіріске керек, өндіріс тіршілікке қажет, адамға зор денсаулық керек. Тұрғын үйлерді салу жобасына қарасақ , көбіне өзен көлге жақынырақ үлкен де кіші қалаларды салып жатамыз, өзен көлдер қашанда төмен шұңқырлы жерде болады жиналған түтін газдар ұзақ мерзімде сақталады да адамдар осының кесірінен ауырып жатады. Денсаулығы мықты, жасы ұзақ саналатын Кавказ халқы теңіз деңгейінен 1-1,5 км. биікте таулы жерде мекендейді, ауасы таза табиғатқа бай.Неге Орта Азия , Қазақстанда биік таулар, жота қыралардың бойында тұрғын үйлерді салып тіршілік жасамаймыз ? Осындай биік жерде түтін-газ болмас еді, ал адамдар табиғатқа біршама жақындап таза ауада демалғанына не жетсін. Бізде жалқаулық бар, қашанда бейнеттен қашып арзанда жеңіл тіршілікке бейімбіз. Адам денсаулығын жоғары бағаламаймыз ! Қазақстанда өте биік болмағанмен көптеген тауларымыз бар, егер осы таулардың беткейіне тұрғын үйлерді, санаторилерді, профилакторияларды салса, барлық Қазақстан халқы сиып кетпесе де біршамасына мекен-жай бола алары сөзсіз, тау тіршілігіне адам тез үйренеді, денсаулығы таза, басқа адамдарға үлгі болары анық . Неғұрлым таза ауада көп болыңыз, таулы өлкеде табиғатта серуендеңіз . Шет елдерде адам үшін табиғатты жақсы пайдалана біледі. Таулы жерлерде шаңғы, дельтаплан өнері, көлдерде жүзу, қайық өнерімен және теңіз аквариумдарын жасап тамашалауда, көптеген зоопарк мемлекет қорықтары адамдарға қызымет етуде. Кейбір жерлерде Дисней клуб , тіпті бір аралды табиғаты сұлу жерімізді Дисней паркі етіп халық демалатын орындар жасаса тіпті жақсы болар еді . Қазақстанда неге осылар жоқ адамдар неге қызықтамайды, неге демалмайды ? Осының бәрін адамдар өз қолдарымен халқының болашағы үшін жасаған . Мен Жезқазған қаласында тұрамын, халқының көбі түсті металлургияда, шахталарда еңбек етеді, жерінің қазба байлығымен өркендеп өсіп келе жатқан аймақ , жас қала . Барлық шахта шоғырланған Рудник поселкасында маңында кіші гірім тау көлеміндей жиналған шахта отвалдары толып жатыр ара қашықтары біршама . Барлық шахтаның қожасы біреу « ҚАЗАҚМЫС » саналады, неге осы отвалдарды бір жерге шоғырландырып тау көтермеске қолдан тал егіп зәулім ғимараттар салып халық игілігіне қолданбасқа? Жақсы архитектордың жобасымен биіктігі 1-1,5 км. тау көтеруге әбден болады : шаңғы, дельтаплан, ат өнері, неше түрлі парк-клубтар ұйымдастырып бос уақытымызда Жезқазған – Сатпаев халқы жастары неге дем алмаймыз . Бұған тұрғылықты халықтың жастарының ынтасы, үкіметтен әкімшіліктен қолдау қажет, кетер шығынды өндіріс халық болып бірнеше жылда қайтаруға әбден болады, қашанда жеңіске жетуге болады .
 
 
« Бірігіп көтерген тас - ауыр болмас »