Скачать всю музыку из вконтакте.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   Өмірде – тіршілік қажет


 Өмірде – тіршілік қажет

Өмір жайлы, тіршілік туралы талай ғалымдар, жазушы қауымы ақпарат беттерінде жазыпта және теледидар арнасында, көптеген ғылыми-медициналық жиындарда да айтып жүр. Ақындарымыз, әншілерімізде өмірдің тәттілігін, тіршіліктің қиында қызықтарын өлеңге жазып ән айтуда. Өмірге деген құштарлық адамзат баласының бәріне тән. Тіршілік дегеніміз сиқырлы да, өте ғажап ұғым. Осы тіршілік деген адамзат баласының өз қолында. Көптеген адамдар тіршілігіне мақтана қарайды, ал кейбіреулер зиянды екенін біле тұра жаман әдет-ғұрыпқа жол береді, темекі-арақ-нашақорлыққа салынып тіршіліктің мәнін кетіреді, ақыл-ойы жетілмеген немесе ауруға шалдыққан адамдар өз-өзіне қол жұмсап, қылмыс істеп өміріне қанғаттанбай қиында тіршілігіне күш-қуаты-қайраты жетпей өмірімен ерте қоштасып жатады. Ақыл-ойға сүйеніп,санамен түсінген әрбір адам тіршілік деген ұғымның, ғажабтың ішіндегі жұмағы боларын түсінері хақ.. Өте ерте заманнан бері, өмірге адам Ата мен Хауа ана кегеннен бері адам денсаулығын мықты болуын, өмірін (жасын) мейлінше ұзарту ең басты мақсат болып есептелінген. Ұзақ уақыт бойына ірі ғұламалар, данышпандар тіршілік – денсаулық мәселесін өте баяу шешіп келеді. Ислам, мұсылман елдерінде кеңінен тараған жетінші ғасырдан бергі ілімнің ең үлкен атасы саналған құран-кәрім кітабында адамға тиесілі тіршілік жайында, адам денсаулығына байланысты қағида – аяттар кең көлемде тартымды, маңызды айтылған. Құран-кәрім туралы сәл кейінірек жеке тоқталғым келеді. Көптеген ғалымдар өте ерте заманнан бері, қазіргі өркендеген ғасырымыз жиырмасыншы ғасыр аралығында тәрбиелеу мәселесінде, медицина, оқу-ағарту саласында біздің сүйікті Қазақстан елінде, Орта азия елдеріндеде, тіпті алыста-жақын шет елдерде тіршілік ғажабын, адамның дене құрылыстарын, дене тәрбиесін ғылыми түрде зерттеп сапалы
 
тәжірибелер жасауда. Осы озық тәжірибелер қоршаған ортамызда, адам денсаулығында алатын орыны ерекше болғанымен көптеген адамдар жас баладан бастап қартайған ақсақалымызға дейін денсаулық ережелерін сақтамау салдарынан,ұсақ-түйек жағымсыз әдет-ғұрпымызға, жалқаулыққа, біле-тұра көбіне мүмкіндік беріп жатады. Жаратқан бір Алладан басқа, қандай адам болмасын ешқашан да өлімнен құтылмаған. Өткен тарихқа үңілсек, жарты әлемді жаукершілікпен билеген моңғол батыры Щыңғысханда (Тэмудьжин) қанша дүние жүзі білгірлерін жинасада өлімнен құтылмаған. Егер адамзат баласы дене тазалығын, денсаулығын күтіне білсе; адамгершілікті, тамақ жеу ережесін, дене жаттығуларын күнделікті өте тиянақты сақтайтын болса ондай адам өзінің өмірін (жасын) мейлінше ұзарта алады, егер ол адам туа біткен дімкес, мешел, басқа да күрделі
 
ауру немесе күтпеген қайғылы оқиғаға душар болмаса. Әр адам осылардың бәрін өзі үшін, өзінің жақындары-өзінің жан-ұясы үшін, тіпті өзінің сүйікті Отаны үшін денсаулығын
 
 
мықты, өмірін ұзақта, қызықты болуын қадағалап күш салуы керек. Әр адам денсаулықты қатаң қадағалап тәрбилеу арқасында, тамақ жеу ережесін сақтана отырып, күнделікті пайдалы жұмыстардың арқасында, дене тәрбиесіне-тазалығына көп көңіл бөле отырып өмірін (жасын) ұзарта алады, мықты денсаулықпен бақытты өмір сүруіне әбден болады. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, қазіргі өркендеген дәуірімізде,жиырмасыншы ғасырда -космосты меңгерген уақытымызда дүние жүзі халықтарының өмірін (жасының) ұзақтылығын салыстыра келіп, әрбір сауатты азамат орташа есеппен 100-120 жыл өмір сүруге тиісті. Демек, денсаулығын күтінген, жаман әдет-ғұрыптан, жалқаулықтан аулақ жүрген адамдарға, жаратқан бір Алладан соң, пайғамбарымыз ғ.с. айтады: « Сақтансаң – сақтаймын » - деп, ақыл-ой-санамен барлық қиындықты жеңе білген адамды «сақтаймын» делінген. Яғни, денсаулықтың мықты да таза, өмірінің (жасының) ұзақта-бақытты болуы, тек қана әр адамның өзіне байланысты. Бұрынғы қариялар-әулиелер : - күнім өтіп бара жатыр, деп жылайды екен. Адам өмірін (жасын) тіршілігін үш кезеңге бөлсек:
 
1 кезең, балалық шақ - 1 ден 20 жасқа дейін,
 
2 кезең, есейген шақ - 21 ден 50 жасқа дейін,
 
3 кезең, қартайған шақ -51 ден 90-100 жасқа дейін. Кейбір қартайған ақсақалдарымыз (қариялар) өткен өміріне өкініп: - әттеген-ай, егер 20-30 жаста болсам-ғой басқаша өмір сүретін едім ғой деп айтып жатады. Өмір деген сағат тіліндей өзімізге білінбей зымырап өтіп жатады, өмірде бәріне үлгеріп, оның ішінде денсаулыққа көп көңіл бөлген дұрыс. Көптеген жақсы көретін аға-көкелеріміз, ақсақалдарымыз жасының ұлғайғанын себеб қылып, дене тазалығын жақсартудан,
 
денсаулыққа зиянды тағам-ішімдік-темекі сияқтыларды тоқтатпай, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы жаттығулардан қашқақтайды. Естеріңде болсын! Қай мезгілде болмасын, қай уақытта болмасын денсаулықты күтініп, дене мүшелерінің тазалығын сақтау , қандай адам болмасын денсаулығына зиянын тигізбейді. Сондықтан, ұлғайған шақта денсаулықты күтінуді әдетке айналдыру біршама қиынға түседі, адамды жастық кезеңнен бастап дене тазалығын сақтауға тәрбиелеу арқасында, денсаулықты күтінуді күн тәртібіне алғаны дұрыс. Жастайынан үлгі алған бала, есейген немесе қартайған шақтада денсаулық тазалығын, денені тәрбиелеу, денсаулыққа пайдалы жаттығуларды ( жұмыстарды ) күнделікті күн тәртібіне енгізе отырып, ұзақ мерзімге әдетке айналдырады. Кішкентай
 
кезінен бастап, салауатты өмір салтына дене тазалығын күтінуге тәрбиелеу ұлағатты
 
азаматтың парызы. Жалғыз өзің көркеймей, үрім-бұтағыңызбен көркейсең, нұр үстіне нұр болар! Денсаулықты қашанда күтіне біліңдер, тіршілігіңіз өзіңізге баянды болсын!.
 
Өз басымнан өткен бір жағдайға тоқталып, ойымды көпшілікпен бөліскім келіп тұрғаны: 1990 жылы менің ақазанымның ішінен жара шығып дәрігердің көмегімен ота (операция) жасалды, отадан кейін асқазан ішінде бір тамырдан қан кетіп ұзақ мерзімде тоқтата алмады, 3-4 ай көлемінде емханада болып ұзақ мерзімде қан құйды, системада болдым. Москвадан бір дәрі әкеліп асқазанды шайғасын қаным тоқтап аздап жеңіл тамақ жейтін жағдайға келдім.Дәрігер асқазанды жақсы күтінуімді ескертіп(қысылған кезде дәрігерге көрінуді ескертті) үйге шығарды, содан емханадан шыққасын 4–6 айдан кейін денсаулы- ғым сыр бере бастады. Емханада денемдегі тұздың көп екенін анықтап отадан кейін маған тұзсыз(тек қана суға-буға дайындалған) тамақпен коректендірді.Осындай тамақтарды үйге шыққасында ұзақ уақыт бойы пайдаланып жүрдім,тұзды тамақтарды жей алмайтын жағдайға жеттім десемде болады. 1,5 жылдан асқасын ғана аздап тұздалған тағамдарды жей бастадым,көңілім тұзсыз тағамдарды қалап тұрады.Адам ұзақ мерзімге тұзсыз тамақтарды жеуге үйрене алады екен,содан адам мүшесіндегі тұздар азаяды және өз нормасына келеді деген сөз.Байқағаным денемдегі күш – қуатым әлсізденіп, ұзақ мерзімді жүргенді көтере алмай , басым айналып, шаршаңқырап жүрдім. Денем арықтап, шалбарымның белі өте кеңіп кеткенін байқадым және дәрігерге көрініп,бірнеше рет қан құйғызып дәрі-дәрмектердің көмегімен жағдайымды түзеген болғандай болдым. Бірақ
 
 
байқағаным, 1–1,5 жыл аралығында денсаулығымнан ешқандай да жақсы өзгерісті байқамадым, сол шаршау–ентігу, бас айналуы, дене қанымның аздығы, күш-қуатымның әлсіздігі, дене мүшемнің толығып өспеуі, мені уайымдатып, шаршатып жіберді.Дәрігер оташының (Орынғалиев Еңбекшіл) еңбегінің арқасында жан ұямның ортасында тіршілік жасап жүргеніме мыңда бір шүкіршілік етіп, жұмыстан инвалидтікті алып жүріп жаттым.
 
Сол екі арада 2-3 жыл уақыттың өтіп кеткенін де байқамай қалыппын, осы арада қарапайым да түсініксіз күндерімді өткізіп жаттым. Денсаулығым баяғы қалпы шаршау, бас айналу,дене қанының аздығы-әлсіздікке әкеліп соқтырып жатқаны. Аяқ-қолы бүтін адамға бұндай тіршілік қорлықпен бірдей болады екен, менде жұрт қатарлы уақытылы жұмыс істеп жан – ұямды асырап, жұрт қатарлы тіршілік еткім келеді. Дәрігерлерге байқалып жүргенде, жолдастарыммен–көршілермен, жасы үлкен өмірді көрген ақсақалдармен әңгіме кезінде, адам асқазанын,жеген тағамдар- ды басқаша қабылдауға адамнаң ішкі ағзаларын үйрету қажет екенін айтқандары есімде қалғаны, ол үшін бірнеше рет ашығу ережелерін ұстану керек екенін айтқаны есімде қалып қойды. Содан кейін ашығу ережесін үйренгім келіп, өз басым ниет қылып іздене бастадым. Шағын
 
қаламыздың кітапханасынан кітап-мақалаларды іздей бастадым. Кітапханалардан қазақ тілінде жазылған ашығу туралы кітабын таба алмай қиналғаным ай, Қазақстанда туып-өсіп мұндай қиыншылық көрем деп ешуақытта ойланбаппын. Ол кезде бізде интернет болған емес. Біршама уақыттан кейін таныстарымнан Поль С.Брэггтің «Чудо голодован- ия» кітабын оқыдым, кітапханалардан пайдалы тағамдар туралы мақалаларды,кеңестерді теріп оқып ,өзімше миыма тоқып, соңында кітап мазмұнымен келіскендей болдым. Осы кітапты бірнеше қайталап оқығасын, ашығу ережесін қатаң сақтағанда ғана,ішкі ағзамыз- ды азда болса тазалауға, адам денсаулығына жақсы жағынан ықпал жасайтынына көзім жеткендей болды. 1995 жылынан бастап басында бір күн, содан кейін үш күн ашығып көрдім, ашығу кезінде қайнаған суды салқындатып аздап қана ішіп отырдым, адам үйренгенше шөлдей беретініне көзім жетті. Осы аралықта жұмыс болып көрші ауылға жақындарыммен жүріп кеттім,басқа ауылда ашығуды жалғастыра алмадым,аздап тамақ ішуіме тура келді.Үйге оралғасын бір ай өткесін,жұмыстардан қол босағасын,осы бір, үш күн ашығуды 4–6 ай аралығында бірнеше рет қайталадым. Күндердің бір күнінде, 1995 жылдың аяғында ұзақ мерзімге ашығуға бел шештім. Содан кейін 14-24 тәулік бойы ашыққан екенмін, ашығу кезінде ұйқың сергіп, басың қатты жұмыс істеп, жұмысқа деген ынтаң артатынын байқадым, түн мезгілінде үйде бір нәрсені тықылдатып, талай түндерді өткізгенім есімде.1996 жылдың қаңтар айында үйдемін қол бос дегендей ойлана келіп 40 күндік ашығуды бастадым.30-32 күн өткесін асқазаным аздап ауырғандай болды, төзімділік танытып ары қарай ашығуды жалғастыра бердім тек қана қайнатылған салқын таза суды аздап ішіп отырдым.Ашығу кезінде аздап темекі тартып қоямын(темекі тартатын жаман әдетім бар,мүлдем қоя алмадым(емханада дәрігерде темекіні қойдыра алмап еді). 34 күні асқазанымның тіккен жері ауыра бергесін жоллдасымның қайта-қайта ескерте бергесін ұзақ мерзімдік ашығуды тоқтатуыма тура келді.Ашығудан соң капуста-
 
сәбізден салаттарды,жеңіл тамақтардан ауқатанып отырдым.Денем жеңілдеп,бүкіл жұмысты бітіріп тастайтындай күш біткендей,тамақтарға зауқым срғып бәрінде жеп қоятындай жағдайға жеттім.Жаз айлар- ына дейін 3-7-10 күндік ашығуды бірнеше рет қайталадым,тамаққа деген көзқарасым өзгергенін байқадым,ауылға барып ақ ішкім келгені. Жаз мезгілінде қымыз ішіп(ақ ішіп) денсаулығымды түзегім келді, бір шай кесе қымызды ішсем,асқазаным бітеліп,басқа тамақтарды іше алмай күні бойы әбден қиналдым. Ал түйенің шұбатын ішсем-асқазаным жақсы қабылдайды, талғамай аздап тамақ ішкенде асқазаным қабылдап, денеме жақсы сіңгенін байқадым. Қалалық жағдайда күнде шұбатты қайдан таба аласың? Ойлана келе, үйдегі анаммен ақылдаса келе Қарақұмға (Сәтбаев совхозына) баруды ұйғардым, біз жақта түйе сол жақта ғана
 
болады,яғни шұбат сол ауылда деген сөз. Үлкендерден сұрай келе,Қарақұмнан жақын туыстарды, жақын таныстарымды іздеп тапқандай болдым. 1996 жылдың жаз айында
 
 
Қарақұмға жол шегіп жүріп кеттім, сол жерде туыc–туғандармен, жұрағат-жекжаттармен таныса келіп біршама уақыт шұбат іштім, сонымен қатар терең жерден (скважинадан) шыққан салқын сулары менің асқазаныма жаққандай болды. Ол жақта жай жатпай таныстарыма біршама қолғабыс та тигіздім, рахметтерін де алдым . Сол кеткеннен Қарақұмда 1,5 жылдың көлемінде болып келдім, біршама өз бетімше жұмыс істейтін жағдайға да жеттім. Содан үйге оралғасын, жай жатпай жекеменшік құрылысқа уақытша жалданып жұмыс істедім, нені айтады соны істедік, тас қаладық, тас тиедік дегендей, барлық қара жұмыстарды істей бердік. Бірде фундаменттік құйманы ортасынан сындыру керек болды, жас балалар–жігіттер кезек–кезек үлкен балғамен ұрғыштап сындыра алмады . Сырттан қарап тұрып шыдамай кетіп, қолыма үлкен балғаны алып құлаштай бір-екі рет ұрғанда, әлгі фундаменттік құймамыз қақ бөлінбесі бар ма, жұртың бәрі шулап қоя берді.Жастар мені «Шал» деп атайтын, шалдың қаруы мықты екен деп шулап жатты. Содан бастап тұрақты жұмыс іздей бастадым. Қыс айының басында, содан кейін жаз айының ортасында ашығу ережелерін ұстануды дағдыға айналдырдым десем де болады. Кейіннен бірте – бірте денем де толыққандай болды, «иығына екі жігіт мінгендей» деп айтушы ма еді, қалай деуші еді. Менің байқағаным, жылына екі мезгіл ұзақ ашыққанның адам денсаулығына пайдасы болмаса, зияны болмайтынына көзім әбден жетті.Тек қана өзіңіздің күш – қуатыңызға сеніңіз. Өмірге деген құштарлығыңыз ашығуды жеңіп шығатынына менің сенімім мол.
 
 
«Өмірдің қызықты, тіршіліктің маңызын - тек қана адам біледі»