Проектирование и Строительство бетонного бассейна.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   ҮЛКЕН ҚАРИЯЛАР БІЗДЕ ДЕ БАР


 ҮЛКЕН ҚАРИЯЛАР БІЗДЕ ДЕ БАР

Қазіргі статистикаға сүйенсек Орта Азияда, Жапон елдерінде де жасы үлкен (100-120 жаста) қариялар көптеп кездесіп жатады, оларға үкіметтен көмек, дәрігер отбасылық емханада денсаулықтарын қадағалайды, әлеуметтік жағдайларына қарайласады. Жергілікті әкімшілікте кездесулер жасалып қарияларға көмек жасалады, жағдайларын сұрастырады. Жасы үлкен қариялар қай елде көп тұрады десек, есімізге Кавказ қариялары сөзсіз есімізге түседі. Кавказ қариясы 120-130 жыл өмір сүрген болса, қарияның баласы шамамен 100 жаста болады, баласының баласы : немересі 75-80 жаста, шөбересі 60 жаста, шөпшегі 40 жаста, неменесі 20 жаста, - - - - - - - 1 – 5 жаста болары анық .
 
Қазақ халқында 100ге келген қария-әжелеріміз болған ба? деген сұрақ тууы әбден мүмкін. Өткен тарихымызға үңілсек көптеген адамдарды біліуімізге болады. Қазіргі жастарымызға түсінікті болуы үшін Жамбыл Жабаевтің өмірін алсақ та жеткілікті. Жамбыл ақсақалымыз Оңтүстікте дүниеге келіп,жастайынан ақындық өнермен қалың қазақтың құрметіне бөленді. Ер жеткен,қартайған жасындада үйінде жатып алмай атына мініп ел аралап айтыстарға жиі қатысқан. Жаз айларында көрші ел Алатаудың арғы беткейдегі Қырғыз ауылдарына барып жыр тыңдап, айтысқа қатысып халықтарын шабыттандырып отырған. Жамбыл ақсақалымыз тамақты жеткілікті түрде дұрыс тамақтану арқасында жыл сайын Ораза ұстана отырып таза ауада дем ала отырып ат өнерімен күнделікті айналысу арқасындп ұзақ жыл өмір сүргеніне көзімізді жеткізе аламыз. Осындай үлкен кісілер Қазақ жерінде біршама кездесіп отырған. Қазақстан аймақтарында,ауылдарда жасы 100ге келген аталарымызды-әжелерімізді кездестір- уімізге әбден болады. Осы кісілердің ұрпақтары қашанда мақтануына болады. Осы аталар мен әжелеріміз 1900 жылдан кейін дүниеге келді деп есептесек жетіспеушілікті бір адамдай ақ бастарынан өткергенін байқаймыз. 1917 жылғы азамат соғысы,1936 жылғы аштық,1940 жылғы ұлы Отан соғысы осы аталар мен әжелеріміздің бастарынан өткізгендеріне куә боламыз. Тамақтың жетіспеуіне байланысты тағамды шектей отырып пайдалы еңбекті ұзақ жылдар бойы атқаруына байланысты тіршіліктің қиыншылығына көне білген,осындай қарияларымыздың түсінігінде тойымшылдық сенімі жақсы орын алғанын көруге болады. Жасы келіп намазға жығылған кезінде жыл сайын Ораза ұстанудың пайдасын ерекше түсінген. Осындай кісілерді мақтау марапаттау насихаттау керек, келешек ұрпақтарға сабақ болары сөзсіз. Сонымен қатар Мекке-Мадинаға жаяу сапар шеккен,шөлейт аймақтарда бірнеше елді жаяу марафондарда(жүріп-жүгіріп) өткен қазақтың ағалары мен көкелерін олардың тамақтануы,күнделікті тіршілігі, қызықты өмірлерін көшілікке жиі насихаттау керек.Үлкен қарияларымызды қашанда құрметтеуііз қажет,үлкенді силаған халық емеспіз бе?. Егер осы қария 100 жыл ауырмай өмір сүрсе бір ғасырдан артық қызығы мол тіршілік етер еді және 5-6 ұрпақ көрері анық, не деген бақыттылық ! Осы қарияның күнделікті тиімді істеген жұмыстарын, қоршаған ортаға тигізген пайдасын, жанұясының адам санының өсуі «демографияға қосқан өз үлесі» , тіпті өзінің сүйікті Отанына қосқан үлкен үлесі болары хақ . Кейінгі уақытта өзімізді қоршаған ортаның ластануынан, тіршіліктің қиындығынан көптеген адамдар немересін-шөбересін көріп те, көрмей де бұл өмірден өтіп жатыр. Бұндай айырмашылықты қалай түсінуге болады? Кімдер кінәлі деп ойлайсыз. Біз кінәмшыл халықпыз. Қоршаған ортаға мін артамыз. Саудагерді жамандаймыз. Жұмыстағы бастықтарға, жергілікті әкімдерге мін артамыз. Тәрбиелеген мектебімізді жамандап, ата-анамызға кінә артып, тіпті үкіметке де тіл тигізіп жатамыз. Неге адамның жеке басты денсаулығына қоршаған орта, басқалар кінәлі немесе неге біреу міндетті болуы керек?
 
Бұған кінәлі тек қана өзіңіз боласыз. Өзін-өзі түсіне отырып, денсаулығы үшін бүкіл қиындықты жеңе білген, тіршілігіне қажетті заңдылықтарды өзінің денсаулығына пайдалана білген адам, шешімін күткен « жұмбақ кәрілікті » жеңе біледі . Жасыңыз ұзақ болсын десеңіз денсаулығыңызды күтініңіз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, қысқа да ұзақ мерзімді ашығу ережесін ұстаныңыз, Ораза ұстан, халықпен қашанда бірге болыңыз. Ойластырылған ашығу арқылы күш-қуат-жігеріңіздің дамуы арқасында, сіз өзіңіздің денсаулығыңыздың ең жоғары жетілген тіршілігіне, жасыңыздың ұзақта денсаулығыңыздың мықты болуына жете аласыз. Адам табиғаттың сиқырлы ғажабы, адамды билейтін заңдылықтар өте қарапайым әрі баршамызға түсінікті. Күнбе-күн адам өз денсаулығына істеген пайдалы жұмыстарды, адамгершілік қасиеттерін бақылап тексеріп отырғаны абзал.
 
 
« Артық құбылыс - табиғатқа жат »