Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   ҚАН ТАМЫРЛАРЫ - АДАМ ЖАСЫН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ


 ҚАН ТАМЫРЛАРЫ - АДАМ ЖАСЫН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Адамның қан тамырларының (жолдарының) жұмыс көрсеткіші медицина ғылымында өзінің жасын да анықтауға мүмкіншілік бере алады. Адам тамырындағы қан көбіршек- тенуі (асқынуы-закупорка) ерте жаста (балалық шақта) басталып 50-60 жасқа дейін баяу асқына отырып, ақырында қан қысымы жүрек ауруларына әкеліп соқтырады .Ғылыми түрде қарасақ, ашығу – қан тамырларының қысымымен жүрек ауруларынан біржола емделуге болады деп айту қиын, бірақ ашығу ережесін қатаң сақтаған адамдар бұндай күрделі ауруларға ескерту немесе пайдалы (витаминді) жеңіл тағаммен коректену әсерінен денеңіздегі қанды тазалауға жақсы жағдай туғыза алады. Денеңіздегі қан құрамын тазалап зиянды артық заттардан арылсаңыз, бауыр-жүрек өз қызметін жақсарта отырып денеңіздегі тамырдағы қан айналымын бірқалыпты болуына жағдай туғызады. Ашығудың ең басты маңызы – денсаулықтың іштей тазалануы. Ашығу арқылы қан тамырларының (жолдарының) таза болуын сақтай отырып, таза да жеткілікті қан әрқашан жүрек жұмысын қамтамасыз етеді, қажетті витаминдерді адам денесіндегі барлық клеткаға таратады . Адамның қан айналымы бүкіл денеде бірқалыпты қозғалыста үзбей қызымет атқаруға тиіс . Егер қан айналымы бір мүшеде, белгілі бір қан жолдарында азғантай уақытқа жұмысын тоқтатар болса адамдар іштей күшті бір соққыны сезіне алады .
 
 
«Жаны тазаның - ары таза »